Австралияда су тасқынынан 40 мың адам эвакуацияланды

2 Наурыз 2022, 09:46
1072
Бөлісу:
Австралияда су тасқынынан 40 мың адам эвакуацияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралияда тұрғындарды жаппай эвакуациялау жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Қолда бар ақпарат бойынша осы уақытқа дейін Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында 40 мыңға жуық азамат қауіпсіз жерге көшірілген, деп жазды Хабар24.

Билік өкілдерінің айтуынша, көмек сұрап жатқандар қатары бұл саннан 6 есе көп. 

Естеріңізде болса, өткен аптада осы елдің шығыс бөлігіндегі толассыз жаңбырдан алапат су тасқыны жүрген еді. 

Салдарынан 9 адам қаза тапты.
 

Өзгелердің жаңалығы