Австралияда су тасқынынан қашқан жәндіктер тұрғын үйлерге дейін кіріп кеткен

24 Наурыз 2021, 20:43
1802
Бөлісу:
Австралияда су тасқынынан қашқан жәндіктер тұрғын үйлерге дейін кіріп кеткен
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрмекші, бүйі және тағы басқа жәндіктер жаппай су тасқынынан қашып, Австралия тұрғындарының үйлеріне, қабырғаларына, бағандарға шығып алып жатыр.

Strange Sounds сюжетінде Австралиядағы су тасқыны салдарынан мыңдаған бүйілердің тұрғын үйлерге кіріп алғанын көруге болады.

Үйден бөлек, олар үй қоршауларына, көше шамдарына шығып алған.


Австралия тұрғындарының айтуынша, үйге жыландардың да кіріп кеткен жағдайлары болғанын айтты.


Еске салсақ, қатты жауын-шашын салдарынан Австралияның шығыс жағалауында 50 жылда болмаған су тасқыны басталды.




Өзгелердің жаңалығы