Австралияда сёрфер акуланың құрбаны болды

5 Қыркүйек 2021, 22:40
959
Бөлісу:
Австралияда сёрфер акуланың құрбаны болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайғылы оқиға Сиднейден 500 шақырым жерде тіркелді, деп жазды Хабар24.

Куәгерлердің айтуынша, жақын маңда жүрген азаматтар жас жігітке барынша көмектеспек болған. Бірақ 20 жастағы спортшының өмірін арашалап қалу мүмкін болмады, ол алған жарақатынан көз жұмды. 

Австралия полициясы осы оқиғаға байланысты аймақтағы жағажайлардың бәрін жауып тастады. 

Айта кетейік, ел шығысында жыл басынан осымен 16-шы рет жыртқыш балықтар адамға шабуыл жасап отыр.

Өзгелердің жаңалығы