Австралия астанасына қауіп төніп тұр

1 Ақпан 2020, 03:35
1987
Бөлісу:
Австралия астанасына қауіп төніп тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралия астанасы Канберрада орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы AFP cілтеме жасай отырып 24.kz хабарлады.

Австралия астанасында 2003 жылдан бері алғаш рет төтенше жағдай жарияланып отыр. Аймақта өрт салдарынан ауа температурасы өте жоғары. 30 қаңтарда Оңтүстік Австралия штатында ауа температурасы +40 градусқа жеткен. Алдағы демалыс күндері Сиднейдің кейбір аудандарында ауа температурасы +45 болады деп күтілуде. Өрттің ел астанасының оңтүстігіне де зақым келтіруі мүмкін.
Канберра аумағына орман өртіне байланысты қауіп төніп тұр, - деп мәлімдеді өңірдің бас министрі Эндрю Барр.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қазан айынан бастап Австралияда орман өрті өршіп тұр. Салдарынан миллиондаған гектар жер өртеніп, екі мыңнан астам үй қирады.



Өзгелердің жаңалығы