Авиакомпаниялар ұшуға рұқсаты жоқ адамдардың тізімін жүргізуі мүмкін

21 Қыркүйек 2021, 17:06
1940
Бөлісу:
Авиакомпаниялар ұшуға рұқсаты жоқ адамдардың тізімін жүргізуі мүмкін

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте көлік мәселелеріне қатысты заңға енгізілген өзгерістер таныстырылды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

Вице-министрдің сөзінше, заң нормаларының бірі - «Қазаэронавигация» РМК аэронавигациялық қызмет көрсетушінің шығыстары есебінен «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ қызметін қаржыландыруды көздейді.

Авиакомпанияларға әуе тасымалы шектелген адамдардың жеке тізімін жүргізуге мүмкіндік беретін норма енгізіледі. Алайда азаматтар мұндай тізімге тек ұшақ бортындағы құқық бұзушылықтар үшін және оларды қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту нәтижесінде олардың кінәсі дәлелденген жағдайда ғана кіре алады, - деп түсіндірді Берік Қамалиев. 

Халықаралық тәжірибені назарға ала отырып, заң жобасында «әділ мәдениет» (Just Culture) ұғымын енгізу көзделген, оның негізгі қағидаты - азаматтық авиация саласындағы қасақана бұзушылықтарға немесе немқұрайлы мінез-құлыққа қатысты төзбеушілік.

Анықтау бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның өкілеттіктері көзделеді:

- мұздануға қарсы қорғау тәртібі;

- ұшуды жүзеге асыру кезінде құстар мен жабайы жануарлар тудыратын қауіптерді басқару тәртібі;

- ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалану тәртібі.

 

Өзгелердің жаңалығы