Аузында әзілі жоқтың, қолында шоқпары бар. «Күлмесхандардың» психологиясы

10 Қаңтар 2023, 17:33
2189
Бөлісу:
Аузында әзілі жоқтың, қолында шоқпары бар. «Күлмесхандардың» психологиясы

Кейбір адамдар неге мүлдем күлмейді? Қоғамдағы өзге де адамдар секілді эмоциясын толық шығармайды? Бұл сұраққа психологтан жауап алып көрген едік, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Адамдар күлуді шамамен 7 миллион жыл бұрын үйренген деп пайымдайды ғалымдар. Тіпті күлуді зерттейтін ғылым да бар. Ол гелотология деп аталады.

Ғалымдардың айтуынша, балалар күніне 300-ден 400-ге дейін күледі, ал ересектер шамамен 15-ке дейін ғана күледі.

Тіпті жануарлардың өзі күледі, тек олардың реакциясы өзгеше болады. Күлкі - бұл қуаныштың сыртқы көрінісі, ол таза физиология. Оны бәрі бастан кешіреді, бірақ бәріне бірдей күлу бұйыра бермеген.

Таныстарыңыздың арасында күлкісін ешқашан естімеген адам бар шығар. Ондай адамдар қоғамдық ортада, кездесудерде ыңғайсыз жағдайға қалып жатады. Мұндай адамдарды психотерапевт Андрей Бабин үш топқа бөліп қарастырған.

Біріншіден, күлмейтін адам туғаннан бастап депрессияға бейім болуы мүмкін. Генетикалық тұғыдан күлкілі, гипертимді (қарапайым тілмен айтқанда, олар оптимистер) адамдар бар, сонымен бірге тұйықтау келген бірақ мүлдем күлмейтін де адамдар болады.

Екіншісі – тәрбие. Мәселен,  қыз бала күлуді әдепсіз деп санайтын консервативті отбасында тәрбиелетін болса,  онда мұндай бала бойына жағымды эмоция түрлерін аз сіңіреді. Салдарынан күлу реакциясын білдіретін кезде ұят әрекет жасап жатқандай көрінеді. Яғни, күлетін жерде өзін ыңғайсыз сезінеді.

Үшінші себебі - мамандық. Судьялар, прокурорлар, әскерилер және мұғалімдер - қоғам арасында аса үлкен жауапкершілікке ие мамандар. Қатаң жұмыс пен күнделікті іске дағдылануы бұл адамдардың эмоциясының уақыт өте келе тұйықталуына әкелуі мүмкін.

Психолог Арайлым Тоқсанбаеваның айтуынша, күле білу - әр адамның түсінігіне байланысты.

Әр адамның әзілді түсінетін өзіндік деңгейі болады. Әзілдің де бағыты көп. Сондықтан жаныңызда күле бермейтін досыңыз болса, оны күлдіруге де тырысудың қажеті жоқ. Тек ондай адамды ұзақ уақыт бақылап жүріп, қызғушылығын таба аласыз. Немесе туғаннан ондай адам болады. 

Адамның күлу-күлмеуі тағы неге байланысты болуы мүмкін? 

Классикалық түсінікте,  дені сау, та­ны­мал әрі бай адамдар өмірде жолы бол­майтын адамдарға қарағанда көп күледі. Ал адам ауру, кедей әрі бір нәрсеге тәуелді болған жағдайда, ешқандай күлуге, қуану­ға себебі болмағандықтан, күлуге мұршасы жоқ. Яғни жарқын болашағынан күтері де жоқ. Тек ағзаның қорғаныс қасиеті қызмет етіп тұрғанда, адам қайғылы, жылайтындай жағдайда да күлетін нәрсе таба алады.

Өзгелердің жаңалығы