Ауыр қылмыс жасаған 134 адам ұсталды

9 Қаңтар 2022, 09:45
1140
Бөлісу:
Ауыр қылмыс жасаған 134 адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев елдегі болған жағдайға қатысты пікір білдірді.

Жалпы Ішкі істер министрлігінің мәлімлдеуінше, 400-дей техника жойылған. Оның 346-сы ішкі істер органдарына тиесілі. 100-ге тарта ірі сауда орындары мен банктер тоналды. Шығын 87 млрд теңгеден асады. Осыған байланысты көліктер мен азаматтар тексеріледі. Жалып іс шаралар өткізуге рұқсат жоқ. Қазірге дейін  5135 күдікті ұсталған. Оның 134-і ауыр қылмыс жасағандар. Шекарадан өтпек болған қылмыскерлер де қолға түсті. Қазір террорлық актілерге қарсы операциялар жалғасып жатқанмен, елдегі ахуал тұрақталды.

Ішкі істер министірнің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев өз мәлімдемесінде осындай деректер келітріп, елді сабырлық сақтап, сақтық шараларына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану, бұзақылық, кісі өлтіру, сондай-ақ қарақшылық шабуылдар мен ұрлықтың барлық фактілері бойынша сотқа 125 дейінгі тергеу басталды. 5 мыңнан астам адам ұсталды, - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Өзгелердің жаңалығы