Ауыр халдегі науқастар саны 30 пайызға азайды – Көлгінов

21 Шілде 2020, 09:56
1356
Бөлісу:
Ауыр халдегі науқастар саны 30 пайызға азайды – Көлгінов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов онлайн Үкімет отырысында айтты.

Қатаң карантин шектеулерін енгізу нәтижесінде қазіргі күні жағдайдың тұрақталуы байқалады. Коронавирус індетін жұқтырғандар саны 8619 адамды құрады. 5111 адам немесе 64 пайызы жазылып шықты. Өкінішке қарай, 212 адам қайтыс болды. 2262 адам стационарларда ем алып жатыр. Ауыр халдегі науқастар саны 30 пайызға азайды, - деді ол. 
Көлгінов атап өткендей, инфекциялық және провизорлық стационарларда  төсек-орын 3911-ға артты.
Бір мыңға жуық орын резервке жасақталды. Қазір күніне 5 мыңға жуық тесті 9 лаборатория жүзеге асырып жатыр. Осы уақытқа дейін 272 мыңнан астам ПТР тест жасалды. Қосымша 300 оттегі концентраторы мен 150 флометр сатып алынды. Шілде айының соңына дейін 500 арнайы жабдықталған кереует, 100 ӨЖА, 264 оттегі концентраторы, 351 флометр және қосымша 3 оттегі резервуары орнатылады. 100 мың жеке қорғаныш затын алу жоспарланған. 2 компьютерлік томограф келеді. Бүгіннен бастап компьютерлік томографпен тұрғындарды тәулік бойы тексеру жүргізіледі, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы