Ауыр атлетикадан Қазақстан командасы әлем чемпионатын екі алтынмен аяқтады

28 Мамыр 2024, 21:11
441
Бөлісу:
Ауыр атлетикадан Қазақстан командасы әлем чемпионатын екі алтынмен аяқтады
Фото: olympic.kz

Ауыр атлетикадан Қазақстан командасы Перу астанасы Лимадағы әлем чемпионтын төрт медальмен аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Құрама еншісінде екі алтын медаль бар. Нұрдос Сабыр (89 келі) мен Аянат Жұмағали (76 келі) чемпион атанды.

Ал Ақжол Құрманбек 67 келіде күміс алса, Сания Орманбаева (81 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы