Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын команда анықталды

6 Қыркүйек 2019, 13:17
1455
Бөлісу:
Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын команда анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 қыркүйек күні Тайландтың Паттая қаласында ауыр атлетикадан 85 әлем чемпионатының шымылдығы түріледі. Осы орайда, Қазақстан командасының бапкерлер кеңесі әлем біріншілігіне қатысатын спортшылар тізімін атады деп хабарлады Olympic.kz. 

Әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстаннан екі спортшы бақ сынайды. Олар – Зүлфия Чиншанло (55 келі) және Екатерина Быкова (71 келі).  Қазақстан ерлер командасының тізімі төмендегідей:  55 келі: Арли Чонтей, Игорь Сон 89 келі: Денис Уланов 81 келі: Нихат Рахымов, Айдар Қазов 96 келі: Илья Ильин  109 келі: Ибрагим Берсанов.

Паттаядағы әлем чемпионаты Олимпиадаға іріктеу турнирлерінің санатына жатады. 27 қыркүйек күні мәресіне жететін жарыста ерлер мен әйелдер тоғыз медаль жиынтығын сарапқа салады. 
Өзгелердің жаңалығы