Ауылдық жерде инвесторлар үлесі артып келеді

20 Тамыз 2023, 16:38
1054
Бөлісу:
Ауылдық жерде инвесторлар үлесі артып келеді
Фото: Нұркен Алишев

2022 жылы Қазақстанда 3026 ауыл шаруашылық кооперативі тіркелген, мемлекет тарапынан 1 млн астам ауыл тұрғынын қамтитын ауыл шаруашылық кооперативтерін дамытуға 1 трлн теңге бөлінбекші, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ауылдарды дамытуға бөлініп жатқан мемлекеттік бюджет көлемінің ұлғаюы жеке инвесторлар үлесін арттыра түседі. Мәселен, 2019 жылы жеке инвестиция көлемі 2,5 трлн теңге болса, 2022 жылы 3,1 трлн теңгеге дейін жеткен.

Бұл туралы Төлеутай Сатайұлы «Жаңарған Қазақстан» бағдарламысына берген сұхбатында айтты.

Жарайды, барлығы шешілер, өнімді де өндірер, сүтті сауар, малды да бордақылар, картопты да қазар, бірақ оларды қайда өткізеді? Жүйе барма? Осының барлығын ойлау керек қой біздік шенеуніктер. Осының бәрін біз жасамасақ, кім жасайды? Президентіміз «1 трлн теңге беріңдер, халыққа қолдау жасаңдар» деп тапсырма берді. Біздің шенеуніктеріміздің арқасында бұл тапсырма халықты қолдау емес, қорлауға айналды, – дейді Төлеутай Сатайұлы.

Ұлттық экономика министрлігінің дерегінше, 200 мың адам ауылдан қалаға көшкен. Егер 2022 жылдың басында ауылдардағы халық саны 7 728 176 адамды құраса, 2023 жылдың басында бұл көрсеткіш 7 556 745 адамға жеткен.

Ауыл тұрғындарының саны:

Түркістан облысында – 1 599 909 адам
Алматы облысында – 1 262 161 адам
Жамбыл облысында – 691 179 адам
Ұлытау облысында – 49 328 адам

Кез келген аумақта орналасқан ауылдардың ең басты мәселесі –тұрғындардың төменгі табысы. Ең басты проблема осы деп есептеймін. Ауылдардың Қазақстан картасынан жойылып жатқан себебі де осы. Ауыл тұрғындарының табысын арттырудың бір жолы – агроөнеркәсіп кешенін жандандыру, кәсіпкерлік пен ауылшаруалық корпорациясын дамыту. Осылайша, шағын шаруашылықтарды біріктіру фермерлерге шығындарды қысқартуға және тауарды тұрақты түрде делдалсыз өткізуге мүмкіндік береді, – деді экономика ғылымдарының докторы, академик Төлеутай Сатайұлы.

Жасыратыны жоқ, ауыл тұрғындарының табысы төмен. Өткен жылдың маусым айындағы дерек бойынша, қаладағы халықтың табысы ауыл халқына қарағанда 38%-ға жоғары болған. Қала берді, жұмыс орындары тапшы. Осы алшақтықты азайту үшін, биылдан бастап тиімді шарттармен шағын несие беріле бастады. Яғни ауылдар мен елді мекендердің және шағын қалалардың тұрғындары бизнес ашуға және жұмыс істеп түрған бизнесті кеңейтуге шағын несиелер ала алады. Сыйақының номиналды мөлшері – 2,5 %. Мерзімі 7 жылдан аспайды. Несиенің ең жоғарғы сомасы – шамамен 8 млн теңге. Ал ірі кооперативтерді дамыту үшін 25 млн теңге көлемінде беріледі.

Өзгелердің жаңалығы