Ауылдасының атынан несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

26 Қаңтар 2022, 23:04
1355
Бөлісу:
Ауылдасының атынан несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында ауылдасының атына несие рәсімдеген алаяқ қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.   

19 қаңтар күні Абай аудандық Полиция басқармасына қарасты Топар полиция бөліміне 24 пен 26 жастағы тұрғындардан арыз түсті. Полиция қызметкерлерімен жәбірленуші азаматшалардың белгісіз алаяқтардың құрбаны болғаны анықталды. Белгісіз біреулер олардың жеке бас құжаттарын пайдаланып, жәбірленушілердің атына несие рәсімдеген. Бірінші жағдай бойынша 90 мың теңге болса, екінші адамға 345 мың теңге рәсімделген. 

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен жәбірленушілердің 26 жастағы ауылдасы ұсталды. Күдікті әйел қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. 

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен ұсталған күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Өзгелердің жаңалығы