Ауылдағы қызметкерлер үшін тұрғын үй салынады

14 Сәуір 2021, 11:24
1262
Бөлісу:
Ауылдағы қызметкерлер үшін тұрғын үй салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-де өткен брифингте Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев ауылда тұрғын үй салу тетігі енгізілетінін айтты.

Ауылда тұрғын үй салу тетігін енгізу ұсынылады. Бұл тетік Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауылдарда қызметкерлер үшін тұрғын үй салу кезінде жұмыс беруші шығындарының 50%-ын субсидиялауды көздейді, - деді ол.

Вице-министрдің сөзінше, жергілікті атқарушы органдардың жедел деректері бойынша 76 ауданда 2 855 тұрғын үйге қажеттілік бар. Субсидиялау үшін республикалық бюджеттен 14,3 млрд теңге талап етіледі.

Бұдан басқа Республиканың қолданыстағы тұрғын үй қорын жаңарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде. 

2020 жылы 8 өңірге (Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстары және Нұр-сұлтан, Шымкент қалалары) 249 тұрғын үйді күрделі жөндеуге 8,6 млрд теңге бөлінді. 

Жыл қорытындысы бойынша жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 21,5%-ға дейін төмендеді.

Биылғы жылы қосымша 473 тұрғын үйді жөндеуге 19,5 млрд теңге жоспарланып отыр.

Еске салсақ, елімізде қанша адам пәтер кезегінде тұрғаны айтылды.

Өзгелердің жаңалығы