Ауыл тұрғындары Нобель фестивалін қазақ тілінде көре алады

26 Қазан 2022, 14:43
829
Бөлісу:
Ауыл тұрғындары Нобель фестивалін қазақ тілінде көре алады
Фото: автордан

Бұл туралы CEO Nobel Fest негізін қалаушы Мақсат Құрбенов Нобель фестивалі барысында тілшілерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

“Фестиваль 2 жыл ішінде тек қана Қазақстанды емес, бүкіл әлемді қамтып жатыр. Негізгі мақсатымыз – әлемдік білімді шетелде оқып жатқан  қазақстандық студенттерге және де елімізде оқып жатқан шетелдік студенттерге тең дәрежеде қолжетімді етіп көрсету. Әрқайсысының әлемдік ғылыммен байланысы болуы керек деп есептеймін. Еске салсақ, жиынның басты артықшылығы – еліміздің түкпір-түкпіріндегі елді мекендердің тұрғындары үшін фестивальді қазақ тілінде көру мүмкіндігінің болуы, - деді ол.

Биылғы бесінші Nobel Fest Әзірбайжан, Германия, Түркия, Пәкістан, Қытай, Өзбекстан және Қазақстанда бір мезгілде қазақ, ағылшын, түрік, қытай, араб, өзбек және орыс тілдерінде өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы