Ауыл шаруашылығының әлсіз тұстары дәл анықталған – Күрішбаев

2 Қыркүйек 2021, 17:48
3840
Бөлісу:
Ауыл шаруашылығының әлсіз тұстары дәл анықталған – Күрішбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев Мемлекет басшысының Жолдауына қатысты пікір білдірді.

Қазір елімізді дағдарыстан кейін дамыту жолында теңдестірілген саясаттың қажеттігі бұрынғыдан да маңыздырақ. Менің ойымша, экономикадағы түпкі нәтижеге, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған дәл осындай бағдарламаны ел Президенті Қ.К.Тоқаев кеше өзінің Жолдауында жария етті. Президенттің өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру жөніндегі пайымын ерекше атап өткім келеді. Ауыл шаруашылығының әлсіз тұстары дәл анықталған. Биылғы жылы Үкіметтің фермерлердің онсыз да аз табысын тыйым салу шараларымен төмендетпеуі өте маңызды. Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығын дамытумен, фермерлердің кірістерін арттырумен айналысуы керек, керісінше емес. Сондықтан Президент азық-түлік тауарларының бағасын бақылау бойынша мемлекеттік органдардың жауапкершілігін ажырату керектігін дұрыс айтты, - деді депутат.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысы цифрлық технологияларды ендіру арқылы су проблемаларын шешу қажеттігіне баса назар аударды. 2025 жылға қарай еліміздің барлық халқы сапалы ауызсумен қамтамасыз етілетіні маңызды.
Меніңше, қоғам Президенттің елдегі ең төменгі жалақыны 60 мың теңгеге дейін, яғни 30%-ға дейін көтеру туралы бастамасын жақсы қабылдады. Бұл біздің миллиондаған азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған Мемлекет басшысының маңызды шешімі. Сенат депутаты ретінде мен Үкімет алдында бірнеше рет сөз сөйлеп, БАҚ-та ғылыми жобаларды қаржыландыру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін және одан да көп уақытқа ұзарту қажеттігі туралы жазып та жүрдім. Бұл мәселені көптеген жыл бойы ғалымдарымыз көтерген болатын. Бүгін Мемлекет басшысы ғылыми гранттарды жүзеге асыру мерзімін бес жылға дейін ұлғайтуды тапсырды. Бұл отандық ғылымның дамуына жақсы серпін болады деп ойлаймын. Осылайша, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары айқындалды, - деді Ақылбек Күрішбаев.

Өзгелердің жаңалығы