Ауыл шаруашылығына көрсететін қаржылай көмек 2 есе ұлғайтылды - Үкімет басшысы

12 Шілде 2022, 22:11
1610
Бөлісу:
Ауыл шаруашылығына көрсететін қаржылай көмек 2 есе ұлғайтылды - Үкімет басшысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елді отандық өніммен толығымен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығына екі есе қолдау көрсетілуде.

Әлихан Смайылов Ұлттық арнаға бағдарламасына берген сұхбатында осылай деп мәлім етті.

Ауыл шаруашылығына көрсететін қаржылай көмекті 2 есе ұлғайттық. Мысал, көктемдегі егістік пен күздегі жинау жұмыстарына қаржыны 70 млрд-тан 100 млрд-қа дейін жеткіздік. Форвардтық сатып алу шараларына 40 млрд-тан 80 млрд-қа дейін ұлғайттық. Жалпы, биыл ауыл шаруашылығына деген қаражаттың көлемі 300 млрд болатын болса, біз оны көктемде екі есе өсірдік. Бұл қаржы отандық өнімді өндіруге оң ықпалын береді, - деді Смайылов.

Премьер-министр бұл мәселені апта сайын Үкіметте селектор режимінде әр өңірлермен талқылайтынын айтты.  

Тағы бірнеше жедел шаралар қабылдаудамыз. Біріншіден, сауда-саттыққа байланысты кейбір кедергілерді жою. Екіншіден, тұрақтандыру қорларына қосымша қаражат бөліп, сол қорларды құру өңірлерде. Айналма схемасы деген арнайы тәсіл бар, соның нәтижесінде отандық өнім шығарушылар біздің сауда жүйелеріне тұрақты бағамен, тиісті азық-түлікті қамтамасыз етеді. Монополияға қарсы реттеу шараларын күшейтіп жатырмыз. Былтыр сауда үстемесі 15 пайыздан аспауы  керек деген норманы қабылдадық. Сол норманың мониторингін күшейтудеміз, - деді ол «Жаңа Қазақстан» бағдарламасына берген сұхбатында. 

Өзгелердің жаңалығы