Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға 80 млрд теңге бөлінеді

7 Қаңтар 2022, 10:35
1596
Бөлісу:
Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға 80 млрд теңге бөлінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 қаңтардан бастап «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша көктемгі-жазғы дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыруға өтінімдерді қабылдауды бастады. 

Бұл еліміздің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне көктемгі дала жұмыстарына дер кезінде дайындалуға мүмкіндік береді.

Биыл алдын ала қаржыландыру көлемін 80 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда, бұл өткен жылғы деңгейден 2 есеге жоғары. Салыстыру үшін айта кетейік, аталған бағдарлама бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бөлінген аванстық төлем көлемі 2020 жылдың көктемгі кезеңінде 24,4 млрд теңге, ал 2021 жылы шамамен 40 млрд теңгені құраған.

Сондай-ақ сатып алынатын дақылдардың тізімі жұмсақ бидай, қатты бидай, арпа, сұлы, күнбағыс, зығыр, рапс, соя, қарақұмық және жүгері сияқты он тармаққа дейін кеңейтіледі.

Қаржыландыруға құжат тапсыру үшін фермерлер «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның аймақтық бөлімшелеріне хабарласуы немесе fcc.kz сайтында онлайн-өтінім беруі қажет.

Өзгелердің жаңалығы