«Ауыл» партиясы өкілдері ауыл тұрғындарымен кездесті

26 Желтоқсан 2020, 15:07
2063
Бөлісу:
«Ауыл» партиясы өкілдері ауыл тұрғындарымен кездесті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ауыл» партиясының мүшелері Қарағанды облысы Осакаров ауданы Ақпан ауылының тұрғындарымен кездесті.

Тұрғындармен кездесу кезінде «Ауыл» партиясы ауыл мен ауыл шаруашылығын дамыту басты басымдық екенін атап өтті. Кездесуде ауыл проблемалары жұмыссыздық, мектептер мен ауруханалар мәселесі көтерілді.

Сондай-ақ партия мүшелері «Найдоровское» ЖШС жұмысшыларымен де кездесті.

ауыл12.jpeg

Кездесу барысында шаруалар үшін субсидиялар мен жеңілдетілген несие алу мәселесі талқыланды. Жанар-жағармай мен жемшөпті субсидиялау жөніндегі ұсыныстар да айтылды.

ауыл13.jpeg


«Ауыл» партиясы ауыл тұрғындарымен әлеуметтік мәселелерді шешу жөніндегі жоспарларымен де бөлісті.


Өзгелердің жаңалығы