«Ауыл аманаты» керуені Ақтөбе облысының аудандарына жол тартты

15 Наурыз 2023, 09:45
790
Бөлісу:
«Ауыл аманаты» керуені Ақтөбе облысының аудандарына жол тартты
PHOTO
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Ақтөбе қаласының орталық саябағында Амал мерекесіне арналған «Көктем басы – көрісу» іс-шарасы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов өңір тұрғындарын мерекемен құттықтап, елімізге және әрбір үйге бақ-береке тіледі.

«Ауыл аманаты» керуені Ақтөбе облысының аудандарына жол тартты

Амал – бірлік пен келісімді нығайтатын халқымыздың байырғы мерекесі. Бұл біздің тарихымыз бен мәдениетімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу жолын айшықтайтын еліміздің батыс өңіріндегі бірегей мерекесі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамының мазмұнын одан әрі байыту қажеттігін атап өтті. Бұл тұрғыда Амалдың маңызы зор, - деп атап өтті Ералы Тоғжанов. 

«Ауыл аманаты» керуені Ақтөбе облысының аудандарына жол тартты

Іс-шара барысында ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы аясында түсіндіру жұмыстарын күшейту үшін «Ауыл аманаты» керуені облыс аудандарына жолға шықты. Әр саланың мамандары ауыл тұрғындарына жан-жақты қолдау көрсетеді. Ауыл тұрғындары кәсіпкерлікті дамыту, оның ішінде ауыл шаруашылығында, білім беруде, денсаулық сақтауда, жұмыспен қамтуда және т.б. мәселелер бойынша кеңес ала алады. Мысалы, аудандарға жоғары білікті медициналық қызмет көрсету мақсатында жылжымалы медициналық кешендер жіберілді. 

«Ауыл аманаты» керуені Ақтөбе облысының аудандарына жол тартты

Өңір басшысы мерекелік түскі асқа шақырылған еңбек ардагерлеріне, облысымыздың құрметті азаматтарына ерекше көңіл бөлді. Ералы Тоғжанов оларды Амал мерекесімен құттықтап, ерен еңбектерін атап өтіп, зор денсаулық пен қажымас қайрат тіледі. 

Сондай-ақ, «Өнер орталығы» концерт залында «100 жаңа жобалар» көрмесі өтуде. Облыс әкімі мен көрмеге келген ақтөбеліктер тегін мемлекеттік гранттардың арқасында жүзеге асырылып жатқан 100 бизнес-жобамен танысты. Айта кетейік, өтеусіз гранттар халықты жұмыспен қамтудың тиімді тетіктерінің біріне айналды.   

«Ауыл аманаты» керуені Ақтөбе облысының аудандарына жол тартты

Өткен жылы облыстың 830-дан астам тұрғыны жаңа бизнес идеяларды іске асыруға гранттар жеңіп алды. Олардың қатарында жастар, халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері - мүмкіндігі шектеулі азаматтар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар бар. Олардың барлығы бизнес ашуға және отбасыларының әл-ауқатын жақсартуға нақты мүмкіндік пен қолдауға ие болып отыр.

Өзгелердің жаңалығы