Нұр-Сұлтанда екі автобус соқтығысты: зардап шеккендер бар

20 Ақпан 2020, 17:17
1379
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда екі автобус соқтығысты: зардап шеккендер бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Қабанбай батыр даңғылында автобустар соқтығысып қалған.

Полицияның хабарлауынша, 20 ақпан күні сағат 10.18-де №303 маршруттағы автобустың жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылының бойымен Рысқұлов көшесіне қарай бағыт алған. 

Ол ауа райының қолайсыздығын ескермей, аялдамада тұрған №10 маршруттағы автобусқа келіп соққан. Салдарынан екі жолаушы жарақат алды, - деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген және медициналық көмектен кейін үйіне жіберілген. 

№303 автобустың жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 2-бөлімі 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Анықтау жұмыстары жүріп жатыр, - деп қосты құқыққорғау қызметкерлері.
Өзгелердің жаңалығы