-
-
Ыстамбұлда метро пойызы рельстен шығып кетті
Ыстамбұлдың Эсенлер ауданында метро пойызы рельстен шығып кетті. Бұл туралы 2 ақпанда AHaber телеарнасы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.02.2026
-
АҚШ шабуылы Ирандағы наразылықтарды қайта тұтатуы ықтимал – Reuters
Иран басшылығы АҚШ тарапынан жасалуы мүмкін соққы ел ішінде жаңа жаппай наразылықтар туғызып, биліктің тұрақтылығына қауіп төндіруі ықтимал деп алаңдайды. Бұл туралы Reuters агенттігі қазіргі және бұрынғы алты ирандық шенеунікке сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.02.2026
-
Ресей газына тыйым: Венгрия ЕО сотына жүгінді
Венгрия билігі Ресей Федерациясынан энергия ресурстарын импорттауға тыйым салатын REPowerEU ережесінің күшін жоюды талап етіп, Люксембургтегі Еуропалық Одақ сотына арыз берді.
03.02.2026
-
Жеке балабақшада бес бала көміртегі тотығымен уланған
Дағыстанның Параул ауылындағы жеке балабақшада бес бала көміртегі тотығымен уланған. Алдын ала мәліметке сәйкес, бір баланың жағдайы ауыр болды. Барлық балалар ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
03.02.2026
-
АҚШ пен Үндістан сауда келісіміне қол жеткізді – Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен телефон арқылы сөйлескеннен кейін екі ел арасында сауда келісіміне қол жеткізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-е сілтеме жасап.
03.02.2026
-
Үш жасар бала дене жарақатымен ауруханаға түсті: әкесі қамауға алынды
Жетісу облысында үш жасар балаға қатысты зорлық фактісі тіркелді. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.02.2026
-
Алматыда сот шешімімен тұрғын үйдің бір қабаты сүрілді
Алматы қаласында сот шешімімен тұрғын үйдің рұқсатсыз салынған үшінші қабаты бұзылды. Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.02.2026
-
Қар, боран, көктайғақ: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК ертең, 3 ақпанда Қазақстанның 15 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.02.2026
-
Grand Slam мен Азия чемпионаты: ұлттық құрамалардың дайындығы талқыланды
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов дзюдодан Grand Slam турнирі мен жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатына қатысатын ұлттық құрамалармен кездесіп, дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.02.2026
-
Астанада қар тазалау жұмыстарына 1 300-ден астам техника тартылды
Астанада толассыз жауған қарға байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.02.2026
-
Қарағандыда матч кезінде хоккейші көз жұмды
Қарағандыда хоккей матчы барысында қайғылы оқиға тіркелді. Оқиға мұз айдынында болған, деп хабарлайды BAQ.kz.
02.02.2026
-
Бірқатар облыста көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды
Бірнеше облыста ауа райына байланысты республикалық жолдардағы көлік қозғалысына шектеу енізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
02.02.2026
-
Арал маңында 35 мыңға жуық киік қыстап жүр
Қызылорда облысында қазір 65 мыңға жуық киік шоғырланған. Оның шамамен 35 мыңы Арал ауданы аумағында қыстап жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
01.02.2026
-
Алматының таулы аймағында жарақат алған шетелдік турист эвакуацияланды
Алматы қаласының таулы аймағында шетелдік турист әйел жарақат алып, құтқарушылардың көмегімен эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
01.02.2026
-
Бүгін еліміздің 12 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 1 ақпанда Қазақстанның 12 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
01.02.2026
-
Трамп АҚШ-тың Иранға қатысты негізгі жоспарымен бөлісті
АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның Иранға қатысты негізгі жоспары келіссөздер жүргізу екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
01.02.2026
-
SpaceX ЖИ деректер орталықтары үшін 1 млн спутник ұшырмақ
АҚШ-тың SpaceX компаниясы Жер орбитасына жасанды интеллектке арналған деректер орталықтарының желісін орналастыру үшін шамамен 1 миллион спутник ұшыруға рұқсат сұрады. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
01.02.2026
-
1,2 млрд теңге шығын: Атырауда интернет-алаяқтыққа қарсы шаралар күшейтілді
Атырау қаласының прокуратурасы азаматтарды интернет-алаяқтыққа қарсы сақ болуға шақырады. Соңғы жылдары өңірде мұндай қылмыстар 14%-ға өсіп, жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын көлемі 1,2 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
01.02.2026
-
Иран Тегеранның 2,5 млн тұрғынына баспана дайындайды
Тегеран дағдарыстарды басқару ұйымының басшысы Али Насири мәлімдегендей, Иран астанасында тұрғындарды эвакуациялау үшін автотұрақтар мен 300-ден астам жерасты нысандары пайдаланылады. Баспана сыйымдылығы шамамен 2,5 миллион адамға жетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
01.02.2026
-
Венесуэла саяси тұтқындарға жалпы рақымшылық жариялады
Венесуэла жаңа билігі 1999 жылдан бері саяси себеппен сотталған 700-800 адамға жалпы рақымшылық жариялады. Бұл туралы ел президентінің міндетін атқарушы Делси Родригес мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
01.02.2026
Наверх