«Ауруды емдегеннен гөрі алдын алу оңай» – КВИ вакцинациясы туралы дәрігер пікірі

5 Қараша 2021, 19:23
1759
Бөлісу:
«Ауруды емдегеннен гөрі алдын алу оңай» – КВИ вакцинациясы туралы дәрігер пікірі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына және ковидтік стационарлардың біртіндеп жабылуына қарамастан, коронавирустық инфекцияның таралу қаупі әлі де өзекті. 

№3 қалалық емхананың терапевтік қызмет бөлімінің меңгерушісі Көркем Асанова қауіпті аурудың белгілері және вакцинамен иммундау қажет болатын жағдайлар туралы айтты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Дәрігер коронавирустың бұрынғыдан да агрессивті және жұқпалы дельта штамының белгілерін еске салды.

Сонымен, клиникалық белгілер ЖРВИ-ге өте ұқсас. Науқастың тамағы ауыруы мүмкін, мұрыннан су ағу және бас ауруы пайда болуы мүмкін. Бұл міндетті түрде назар аудару керек белгілер. Сондай-ақ коронавирустың дельта штамымен ауыру кезінде дәм сезу мен иіс сезуді жоғалту сияқты белгілер аз кездеседі.

Егер адамда диарея, іштің ауыруы, жүрек айну және құсу, сондай-ақ буындарда ауырсыну болса, бұл да КВИ белгілері болуы мүмкін.

Жоғарыда аталған белгілердің, әсіресе жедел респираторлық инфекцияға ұқсас белгілердің алғашқы пайда болған сәтінде азаматтық жауапкершілік танытып, бірқатар шаралар қабылдау қажет. Егер адам өзгелермен байланыста болса, онда жедел желіге қоңырау шалып, мобильді топты шақырыңыз және толығымен оқшауланыңыз. Егер жақын маңда КВИ-мен ауыратын адамдар болмаса, онда емханадағы сүзгі кеңсесіне барып, ПТР тестін тапсырыңыз және медицина қызметкерлерінің барлық ұсыныстарын орындаңыз. Вирустың таралуын болдырмас үшін ешқандай жағдайда өзін-өзі емдеуге, қоғамдық орындарға баруға болмайды, – деп түсіндірді дәрігер.
Сарапшылардың пікірінше, коронавирустық инфекцияның кез – келген штамымен күресудің жалғыз дұрыс шешімі және оның таралуын тоқтатудың әдісі – вакцинация.
Иммундау – бұл COVID дегеннің не екенін ұмытып, ұжымдық иммунитетке ие болу үшін қажет нәрсе. Сондықтан барша қазақстандықтардан: вакцинацияға шындап мән беруіңізді, өз денсаулығыңызға салмақты қарауыңызды сұраймыз. Вакцинацияның барлық пунктерінде адамды ең алдымен дәрігер тексереді. Егер қазіргі уақытта науқаста аллергиялық көріністер болса немесе вакцинаға аллергия болса, онда ол аллергологқа жіберіледі. Маман өз кезегінде вакцинаны алуға бола ма, жоқ па, соны шешеді. Вакцинаны алғаннан кейін барлық адамдар кем дегенде отыз минут дәрігерлердің бақылауында болады. Егер осы уақыт ішінде кенеттен аллергиялық реакция пайда болса, онда дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіледі, – деп атап өтті Көркем Асанова.
Дәрігер вакцинацияның өзі аурудың қоздырғышы болып саналмайтынын атап өтті. Вакцина ағзаны күресуге дайындайды. Вакцинацияланған адам, инфекция жұқтырған жағдайда, вакцинацияланбаған адамға қарағанда ауруды жеңіл өткеріп, тезірек жазылады.

Ең бастысы, вакцинация арқылы адам коронавирусқа қарсы иммунитетті алады. Бұл жағдайда постулат бұрынғыдан да көп жұмыс істейді: аурудың алдын алу аурудың өзін және оның салдарын емдеуден гөрі оңай, – деп қосты дәрігер.

Бүгінгі таңда елордада азаматтарды вакциналау үшін барлық жағдай жасалған. Қалалықтарға вакцинаның бірнеше түрі ұсынылады, егу пунктері күн сайын таңертеңнен кешке дейін медициналық мекемелерде, қаланың бірнеше СОО/СҮ-де жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы