Әулеттің ізін жалғастырушы: Жол саласында жетекшілікте жүрген жалғыз әйел

25 Шілде 2021, 13:15
3094
Бөлісу:
Әулеттің ізін жалғастырушы: Жол саласында жетекшілікте жүрген жалғыз әйел
PHOTO

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қоғамдағы таптаурындар бойынша кейбір саладағы жұмысқа нәзік жандылардың қауқары жетпейді. Алайда бұл түсінікті жоққа шығарып, тек ер кісінің ісіне баланып жүрген салада жетістікке жеткен «нәзік күш» жоқ емес. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз - Қазақстан бойынша жол саласында жетекші лауазымды иеленген бірегей маман «ҚазАвтоЖол» АҚ Жамбыл облыстық филиалының басшысы Айжан Туғанова.
 

Айжан Туғанова - Тараз қаласының тумасы. Орта білім мен жоғары білімді де осы өңірде тәмамдаған. Жасы - 42-де.

Әулеттің ізін жалғастырушы: Жол саласында жетекшілікте жүрген жалғыз әйел


 

Мен өзімді туған жерім мен облысымның патриоты деп санаймын. Орта білімнен кейін Тараз мемлекеттік университетінде автомобиль жолдары мамандығын оқып бітірдім. Бұл мамандықты таңдауыма әулетіміздің ізін жалғастыру себеп болды. Менің атам соғыс жылдарынан кейін жол саласында жұмыс істеді. Атамнан кейін анам осы салада еңбек етті. Анамнан кейін оны мен жалғастырдым. Менен кейін бұл дәстүрді ұлым жалғайтынынан үміттімін, - деді ол. 

Әулеттің ізін жалғастырушы: Жол саласында жетекшілікте жүрген жалғыз әйел
Әулеттің ізін жалғастырушы: Жол саласында жетекшілікте жүрген жалғыз әйел


 

Айжан Туғанова осы бағыттағы еңбек жолын 2000 жылы Жамбыл мемлекеттік автомобиль жолдары мекемесінің тендерлік және сметалық-шарттық жұмыс бөлімінің жетекші маманы лауазымынан бастаған.

Әулеттің ізін жалғастырушы: Жол саласында жетекшілікте жүрген жалғыз әйел


 

Кейін «Қазақавтожол» РМК Жамбыл филиалында түрлі лауазымдарда жұмыс істедім. 2006 жылы бұл ұйымда бөлім бастығы болып тағайындалдым. 2007 жылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасы басталғанда Жамбыл облыстық автомобиль жолдары департаментіне ауыстым. Бұл жобаның жобалауы мен басталуына куә болдым, - деді ол. 

Әулеттің ізін жалғастырушы: Жол саласында жетекшілікте жүрген жалғыз әйел


 

Туғанова айтқандай, аталған жобаның жобалау процесі 2009 аяқталып, 2010 жылы оны жүзеге асыру басталды.

Осы жылдары департаментте бас маманнан департамент директорының орынбасарына дейін қызмет еттім. 2013 жылдан бастап 2021 жылға дейін «ҚазАвтоЖол» АҚ Жамбыл облыстық филиалы басшысының орынбасары болып жұмыс істедім. Осы уақыт аралығында жолдардың күрделі жөнделуінен бастап қамтамасыз етілуіне дейін бақыладым, - деді ол. 

Әулеттің ізін жалғастырушы: Жол саласында жетекшілікте жүрген жалғыз әйел


 

Айжан Туғанова 2021 жылдың наурызында қазіргі лауазымына тағайындалады.

Әрине, біз мердігерлерге тапсырыс беруші және қадағалаушы тарап болғандықтан, кеңседе де жұмысымыз баршылық. Алайда кеңседе 2 күн жұмыс істесек, құрылыс нысандарында қалған 3-4 күнді өткіземіз. Себебі жол жөндеу жұмыстарын бақылауымыз керек. Ол жерде қандай мәселе туындап жатқанына куә болуымыз керек. Оны кеңседе отырып істеу мүмкін емес. Учаскенің жетекшісі немесе жоба жетекшісімен жұмыс барысында кеңесетін, жағдай білетін сәттер болады. Жергілікті атқарушы органдармен де белгілі бір проблеманы шешуді талқылау керек болады. Бұл - кешенді жұмыс, - деді ол. 

Әулеттің ізін жалғастырушы: Жол саласында жетекшілікте жүрген жалғыз әйел


 

Туғанованың айтуынша, жол саласында ерекектер басым болғандықтан, күрделі кезеңдер болмай тұрмайды.

Ерлерді жұмыс істетудің түрлі әдістері бар ғой. Ең алдымен, оларды бағыттап, алдарына міндет қоя білу керек. Әрине, бұл орайда «әйелдің айласын» да пайдаланған жөн. Ер адам сынды әркімнен әртүрлі қабылдайды. Алайда менің әріптестерім оған үйреніп те алды. Әркім өзінің жұмысын істеуі керек. Қанша дегенмен гендерлік мәселе жұмысқа әсер етпеуі керек, - деді Айжан Туғанова. 

Әулеттің ізін жалғастырушы: Жол саласында жетекшілікте жүрген жалғыз әйел


 

«ҚазАвтоЖол» АҚ Жамбыл облыстық филиалының басшысы атап өткендей, мансаптық баспалдақпен көтерілу үшін отбасы мүшелерінің қолдауы ауадай қажет.

Әулеттің ізін жалғастырушы: Жол саласында жетекшілікте жүрген жалғыз әйел


 

Мен екі баланың анасымын. Үлкен ұлым жол қызметкері мамандығын тәмамдады. Ол біздің әулеттің ізін жалғастырушы төртінші ұрпақ болып отыр. Екінші қызым 11-сынып оқушысы. Менің жұбайым жұмыстағы бастамаларыма үнемі қолдау көрсетеді. Оған қоса мен тек ана мен жар емеспін, мен де біреудің келінімін. Оған қоса оңтүстіктің салт-дәстүрге беріктігі де бар. Бірақ менің отбасым мен туыстарым жұмысымның қыр-сырын түсінеді. Әркез қолдау көрсетуге тырысады, - деді Айжан Туғанова. 

Әулеттің ізін жалғастырушы: Жол саласында жетекшілікте жүрген жалғыз әйел


 

Ол атап өткендей, кез келген салада жетістікке жету үшін мінез керек.

Әрине, көп дүние тәжірибемен келеді. Адамдармен араласа келе, олардың нені жасырғысы келетінін, психологиялық тұрғыда неден сескенетінін білесің. Әсіресе, жетекші лауазымында қызметкермен жеке әңгімелесіп, қандай да бір олқылықты жою жолында бірлесе жұмыс істеуге болады. Мінез әркез керек, - деді ол. 

Айжан Туғанова оның жұмысындағы ең басты міндет қауіпсіздікті қамтамасыз ету екенін айтты.

Біздің барлық жасап жатқан жұмысымыз, ең алдымен, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Біз жаңа жол төсеп, олардың санаттарын көтеретініміздің жалғыз себебі - осы, - деді ол. 

Жетекші маман сүйген ісіңді істеу жолында ештеңеден қорықпау керегін айтты.

Әулеттің ізін жалғастырушы: Жол саласында жетекшілікте жүрген жалғыз әйел


 

Мен балаларыма да кеңес айтқанда «адамдарға пайда әкелетін мамандықты таңдау» керек деймін. Әрине, кез келген мамандық жақсы. Алайда мен оларға, ең алдымен, адамдарға көмегің тию керегін басымдыққа алуды айтамын. Бізде қазір кадр тапшылығы бар. Көбінің дипломы бар, бірақ жұмыс істегісі келмейді. Мысалы, ешкім көпір салуды меңгергісі келмеді. Бұл шын мәнінде сондай қызықты іс қой. Мен үшін бұл үрдіс қызықты. Ол қандай кезеңдерден тұрады, қандай материал керек деген сияқты. Қазіргі жас ұрпақ осындай мамандықтарға қызықпайды. Бұл - өте өкінішті. Осы бағытта ақпараттық жұмыс жүргізу керек. Тапшы мамандықтарды насихаттау керек, - деді Туғанова. 

Әулеттің ізін жалғастырушы: Жол саласында жетекшілікте жүрген жалғыз әйел


 

Ол жол саласына жастарды тарту бойынша қарқынды жұмыс жүргізу керек екенін айтты.

P.S. Әңгіме соңында Айжан Туғановаға «Өзіңізді бақытты адаммын деп есептейсіз бе?» деген сұрақ қойдық. Әрине, ол «иә» деп жауап берді. ««Мерке-Бурылбайтал» жобасын аяқтасақ, одан да бақытты боламын», деп қосты. «Әр жоба сәтті аяқталуы үшін оған өз балаңдай қарауың керек» деген аналық жүректің артында алып күш жатқанын байқауға болады. Бұл жағдайда «Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен жолды тербетіп отыр». Біз өз тарапымыздан «Мерке-Бурылбайтал» автожолы аяқталып, елдің игілігіне сәтімен пайдалануға берілуін тіледік.

 

Өзгелердің жаңалығы