Аулаларды абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

2 Мамыр 2020, 19:48
1611
Бөлісу:
Аулаларды абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында аулалар мен үй аумақтарын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Биыл 150-ге жуық аула абаттандырылады. Қаланың барлық аудандары қамтылады. Бүгін қала әкімі Алтай Көлгінов бірқатар аулаларды аралап, қала тұрғындарымен кездесті.
Ауланы жөндеп не абаттандырған кезді соңғы рет қашан көргеніміз есімізде жоқ. Балалар ойнай алмайды, барлық тренажерлер ескі. Енді біздің ауламызда жаңа балалар алаңы болады. Мұнда балалар футбол ойнап, тренажерларда спортмен шұғылдана алады, - деп атап өтті Байқоңыр ауданы тұрғындары.

Сондай-ақ,қала әкімі Алтай Көлгінов Кравцов, 6, Таха Хусейн 15а,15/3,15/4, Бөкейхан, 6 және т. б. мекен-жайлардағы алаңдарда жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Аулаларды дұрыстап абаттандыру қажет. Мұнда балалар ойнап, барлық отбасы мүшелері демалады. Балалардың жасы әртүрлі болғандықтан, аулаларды абаттандыру кезінде оны ескеру қажет. Орындықтар орнатып, көгалдандыруға ерекше көңіл бөлу қажет. Ағаштар мен бұталарды көбірек отырғызу керек, - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Биыл 150 аула және аула аумақтары абаттандырылады. Бұл дегеніміз 150 мыңнан астам тұрғыны бар 250-ден астам көп пәтерлі тұрғын үй кешені. Былтыр 150 ойын алаңы абаттандырылды. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында 15 мың жұмыс орны ашылады. Тұрғындар бірінші кезекте жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналаса алады.


Өзгелердің жаңалығы