2026 жылдың 3 мамырында Иманов көшесі мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің ауласында «Kia Seltos» маркалы автокөліктің жүргізушісі көлікпен қозғалып келе жатып, жолға жүгіріп шыққан кішкентай бүлдіршінді қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.
Полиция жүргізушілерге аулалар мен оған іргелес орналасқан аумақтарда қозғалыс кезінде аса мұқият болуды және жолға балалардың кенеттен жүгіріп шығуы мүмкін екенін ескертеді.
Сондай-ақ ата-аналардан қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін кәмелетке толмаған балаларды жол маңында және аулаларда қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.
Еске салайық, бұған дейін Астанада эвакуатор аялдаманың күл-талқанын шығарғаны хабарланды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Семейде мас жүргізуші көлікпен кітапхана ғимаратына соғылды
Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: Тергеу аяқталуға жақын
Шығыс Қазақстан облысындағы кеніште 7 адам зардап шекті