Ауғанстандық әйелдер тәліптерге талап қойды

30 Желтоқсан 2021, 18:54
1457
Бөлісу:
Ауғанстандық әйелдер тәліптерге талап қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстан астанасында ондаған әйел наразылық шеруін өткізді, деп хабарлайды Хабар 24. 

Қыз-келіншектер тәліптер билік басына келгелі шетелде бұғатталған мемлекеттің қорын босатуды сұрап жатыр. Қолдарына үнпарақша ұстаған әйелдер қала көшелерімен жүріп, халықаралық қауымдастықтан ауыр экономикалық жағдайдан шығуға көмектесуге шақырды. 

Ол үшін халықаралық ұйымдар мен өзге мемлекеттер ауған халқының қаржысын кері қайтарып беруі керек дейді шерушілер. 

Айта кетейік, тәліптер биыл тамыз айының ортасында билікті басып алған. АҚШ бастаған елдер қаржы ұйымдарындағы ауған қорын бұғаттап тастады. Салдарынан экономикалық ахуал шиеленісіп, гуманитарлық дағдарыс күшейген. Дәрігерлерден бастап мұғалімдерге дейін жалақыларын Айлап ала алмай отыр. Миллиондаған адам кедейшілік жағдайында өмір сүріп жатыр.
 

Өзгелердің жаңалығы