Ауғанстанда 83 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

27 Қаңтар 2020, 16:26
2098
Бөлісу:
Ауғанстанда 83 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстанда Ariana Afghan Airlines әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады.

Бұл туралы 1TV телеарнасы жергілікті биліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Ауғанстанның шығысындағы Газни провинциясында Ariana Afghan Airlines әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады.

Ariana News хабарлауынша, алдын ала мәлімет бойынша, бортта 83 адам болған.

Газни губернаторының өкілі оқыс оқиға Дех Як ауданында болғанын нақтылады.

Tolo News ақпаратына сәйкес, бұл елді мекен "Талибан" бақылауында. 

Дереккөздің мәліметінше, оқиға орнына арнайы мамандар жіберілді.

РИА Новости ұшақтың ауған әскеріне тиесілі екенін хабарлады.

Ал Ariana News телеарнасы апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағы Гератадан Үндістан астанасы Делиге ұшып бара жатқанын мәлімдеді. 



Өзгелердің жаңалығы