Әуе тасымалы құны өзгермеген 2 өңір аталды

7 Мамыр 2021, 18:23
2732
Бөлісу:
Әуе тасымалы құны өзгермеген 2 өңір аталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы көктемнің алғашқы айларында Қазақстан әуе компаниялары былтырғы карантиндегі кезеңмен салыстырғанда екі есе көп жолаушы тасымалдаған.

Биыл қаңтар-наурыз айларында әуе транспорты мекемелерінің табысы 61,7 млрд теңгені құраған. Былтыр сәйкесінше бұл көрсеткіш 69,7 млрд теңге болған. Әдеттегідей табыстың басым бөлігі жолаушылар тасымалынан түскен қаржы есебінен болды: 57,5 млрд теңге. Ал жүк тасымалынан түскен қаражат 4,1 млрд теңгені құрады.  

Жалпы 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында әуе компанияларының кірісі 187 млрд теңгеге дейін, яғни екі есе азайып кеткені белгілі. 2019 жылы бұл көрсеткіш 403 млрд шамасында болған еді.

Халықаралық әуе транспорты қауымдастығының (IATA) деректеріне сүйенсек, 2020 жылы бүкіл әлемде халықаралық әуе тасымалына деген сұраныс 2019 жылмен салыстырғанда 75,6%-ға төмендеген. Ал ішкі қалааралық тасымалдарға деген сұраныс бір жылда 48,8%-ға азайған.

Әуе тасымалы құны өзгермеген 2 өңір аталды

Халықаралық әуе транспорты қауымдастығының (IATA) болжамына сәйкес 2021 жылғы авиациялық саланың таза шығыны 47,7 млрд АҚШ долларын құрайтын көрінеді (таза табыс маржасы - минус 10,4%). Минустық көрсеткіштерге қарамастан, бұл 2020 жылғы әуе тасымалы саласындағы 126,4 млрд АҚШ доллары көлеміндегі таза шығыннан қарағанда жақсырақ көрсеткіш деп айтуға болады (таза табыс маржасы - минус 33,9%).

Қазақстанда осы жылдың алғашқы үш айында әуе арқылы 1,9 млрд жолаушы тасымалданды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 11,5%-ға көп. Бұл ретте жолаушылар айналымы бір жылда 2,8 млрд-қа дейін 11,1%-ға қысқарды.

Наурыз айында ақпан айымен салыстырғанда 727,7 мың адам тасымалданып, көрсеткіш 29,6%-ға көбейді. Бұл былтырғы наурыз айымен салыстырғанда екі есе көп (1,8 есе). Жолаушылар айналымы ақпанға қарағанда наурыз айында 1,1 млрд-қа жетті. Бұл 2020 жылғы наурыздағы көрсеткіштен қарағанда 1,7 есе көп.

Әуе тасымалы құны өзгермеген 2 өңір аталды

Жүк тасымалы саласында жыл басынан бері 6,7 мың тонна багаж бен жүк тасымалданды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 21,9%-ға көп. Ал наурыздың өзінде әуе компаниялары 2,6 мың тонна жүк тасымалдаған. Бұл, сәйкесінше, ақпанмен салыстырғанда 63,5%-ға, ал былтырғы наурыз айымен салыстырғанда 73,3%-ға көп.

Жүк айналымы жыл басынан бері 3,2%-ға көтерілді. Наурызда жүк айналымы 5,4 млрд-қа жетіп, ақпан айымен салыстырғанда 77,5%-ға, 2020 жылғы наурызбен салыстырғанда 50,1%-ға көп болды. 

Хабар24 мәліметтеріне сүйенсек, былтыр әуе компанияларға қатысты 65 инспекциялық тексеріс жүргізілді. Қауіпсіздікпен байланысты заңбұзушылықтар салдарынан көбінесе жолаушы тасымалымен айналысатын 8 әуе компанияның ұшуына тыйым салынды.  

Әуе тасымалы құны өзгермеген 2 өңір аталды

Орта есеппен 2021 жылдағы наурыз айының қорытындысы бойынша жолаушылар тасымалы қызметінің құны бір жылда 7,3%-ға төмендеген.

Елдегі 17 өңірдің төртеуінде баға өсімі тіркелді. Айтарлықтай өсім Алматы (бір жылда 16,3%) және Атырау (бір жылда 16,2%) облыстарында байқалады.

Ал екі өңірде әуе тасымалы құны өзгермеді. Ол Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қалған 11 өңірде жолаушылар тасымалы құны, керісінше, түсіп кетті. Жамбыл облысында, Шымкентте және ел астанасында бұл сектордағы бағаның едәуір арзандауы білінді.

Өзгелердің жаңалығы