Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері ант қабылдады

3 Желтоқсан 2022, 17:27
1066
Бөлісу:
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері ант қабылдады

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде мыңға жуық жас сарбаз Отанға адал болуға ант берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Салтанатты рәсімде ел алдында ант қабылдаған сарбаздарға келген қонақтар мен Әуе қорғанысы күштерінің басшылығы, жергілікті атқарушы органдар мен қоғам өкілдері ізгі тілектерін білдірді.

Бас қолбасшының және жеке өзімнің атымнан қызметтеріңе сәттілік тілеймін. Осындай Отан қорғаушыларды тәрбиелегені үшін ата-аналарына алғысымды айтқым келеді. Балаларыңыз конститутциялық парызын абыроймен орындап, үйлеріне мықты, шымыр, туыстары мен жақындарына сенімді тірек бола алатын нағыз Отан қорғаушы болып оралатынына сенімдімін, – деді Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Әлім Ибраев.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері ант қабылдады
Өзгелердің жаңалығы