Әуе рейсімен келген жолаушылардың бәрінде ПТР анықтамасы бар

24 Мамыр 2021, 11:15
1155
Бөлісу:
Әуе рейсімен келген жолаушылардың бәрінде ПТР анықтамасы бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 23 мамырында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Иордания, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 25 халықаралық әуе рейсі келді. 

Өткен тәулікте  3 297 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 2 046 жолаушы; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 891 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 244 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 111 жолаушы;

Семей қаласының әуежайына – 1 рейс, 5 жолаушы.

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.

Өзгелердің жаңалығы