Әуе рейсі. 300-ден астам ПТР анықтамасы жоқ жолаушы келді

13 Ақпан 2021, 10:47
1358
Бөлісу:
Әуе рейсі. 300-ден астам ПТР анықтамасы жоқ жолаушы келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 12 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

1945 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 639 адам, анықтамасыз 306 ҚР азаматтары келді. 

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 169 жолаушы, анықтамамен - 939, анықтамасыз - 230; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 732 жолаушы, анықтамамен - 656; анықтамасыз - 76;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 44 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 11 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

Анықтамасыз келген 425 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

Өзгелердің жаңалығы