Әуе компаниялары өткен жылы 5,5 млн жолаушыны тасымалдады

3 Наурыз 2021, 14:54
1625
Бөлісу:
Әуе компаниялары өткен жылы 5,5 млн жолаушыны тасымалдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың қорытындысында әуе компаниялары 5,5 млн адам тасымалдады. Бұл 2019 жылға қарағанда 36% төмен көрсеткіш. ИИДМ вице-министрі Берік Камалиев министрліктің алқа отырысында атап өткендей, бұған пандемия кезінде ұшуларға қойылған шектеулер әсер етті.


Қалыптасқан жағдайға байланысты азаматтық авиация экономиканың ең көп зардап шеккен салаларының бірі болды. Соны жеңілдету үшін отандық әуе компаниялары мен әуежайлар үшін салықтық жеңілдіктер бойынша мемлекеттік қолдау шаралары қабылданды.

Бүгінгі таңда 45 бағыт бойынша ішкі әуе рейстері қайта ашылды және 12 елмен (Түркия, Корея, БАӘ, Беларусь, Украина, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Египет, Ресей, Мальдив, Шри-Ланка) әуе қатынасы қалпына келтірілді.
Өзгелердің жаңалығы