Ауа райының қолайсыздығынан тағы 4 облыста жол жабылды

17 Наурыз 2024, 01:20
483
Бөлісу:
Ауа райының қолайсыздығынан тағы 4 облыста жол жабылды
Фото: архив

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар 6 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. BAQ.KZ бұл туралы «ҚазАвтоЖол»-ға сілтеме жасап хабарлайды.

17 наурыз, сағат 00:00-дегі жағдай бойынша бірқатар өңірде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупі сейілмегеніне байланысты ұзындығы 160 шақырымды құрайтын 1 автожол уақытша жабылды.

1. Өскемен — Алтай-Үлкен Нарын-Қатон — Қарағай-Рахман қайнарлары — Ушановсое ауылы — Алтай қ. (барлық көлік түрлері үшін)

Қарағанды облысында қар, шектеулі көрініс, көктайғақ, желдің ұйытқуына байланысты жалпы ұзындығы 638 шақырымды құрайтын 3 автожолда қозғалыс шектелді.

1. «Қызылорда — Павлодар» Қарағанды қ. — Павлодар обл. шекарасы (Барлық көлік түрлері үшін) ⁠Ұлытау обл. шекарасы — Топар а. (Қоғамдық және жүк көліктер үшін)

2. «Екатерибург — Алматы» Новостройка а. — Ақсу-Аюлы а.

3. ⁠«Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» — Қарағанды қ. — Қарқаралы қ. (Қоғамдық және жүк көліктер үшін)

Павлодар облысында — жалпы ұзындығы 71 шақырымды құрайтын 1 автожол. (Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. «Қызылорда — Павлодар» — Қарағанды обл. шекарасы — Шідерту ауылы. (Барлық көлік түрлері үшін)

Ұлытау облысында — жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайтын 1 автожол. (Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. «Қызылорда — Павлодар» — Жаңаарқа а. — Қарағанды обл. шекарасы (қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін) ⁠

Өзгелердің жаңалығы