Ауа райының күрт нашарлауынан «Ақтөбе-Алматы-1» пойызы тоқтады

17 Желтоқсан 2023, 02:22
772
Бөлісу:
Ауа райының күрт нашарлауынан «Ақтөбе-Алматы-1» пойызы тоқтады

Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауы жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесінің бұзылуына себеп болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты Ақтөбе станциясынан жүретін №34 Ақтөбе-Алматы-1 пойызының жүрісі 16 желтоқсан күні уақытша 1 күнге тоқтатылды

Пойыз кесте бойынша 21 сағатқа кешіктіріліп жатыр.

Жоғарыда көрсетілген бағытқа билет сатып алған жолаушыларға 100% мөлшерде ақшалай қаражат қайтарылады. Ұлттық тасымалдаушы қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды, - делінген "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы