Ауа райының бұзылуына байланысты 18 өңірде ескерту жарияланды

24 Желтоқсан 2023, 00:31
17205
Бөлісу:
Ауа райының бұзылуына байланысты 18 өңірде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК күн райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24-25 желтоқсанда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігі мен таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі.

Күндіз Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде – көктайғақ, түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман болжанады. Жолдарда көктайғақ болады.

Атырау облысының басым бөлігінде – тұман, солтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетуі ықтимал.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Өңірдің батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысының орталығында – тұман, күндіз өңірдің шығысында 15-20 м/с екпінде жел болады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, түнде облыстың оңтүстігі мен батысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, күндіз оңтүстігі мен шығысында көктайғақ болжанады. Өңірдің солтүстігі мен шығысында – тұман, басым бөлігінде жолдарда көктайғақ күтіледі.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұманды болады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің солтүстігі мен шығысында екпіні 18 м/с құрайды.

Күндіз Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ, батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі.

Абай облысының солтүстігі мен орталығында жаяу бұрқасын соғып, желдің күші 23 м/с жетуі ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының батысы мен орталығында жаяу бұрқасын соғып, желдің күші 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысы мен шығысында көктайғақ, солтүстігі мен шығысында тұман болжанады.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с құрайды.

Шымкент қаласында таңертең және күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман болады.

Түнде Жамбыл облысының батысында, күндіз таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. 24-26 желтоқсанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында – тұман, 25-26 желтоқсанда 23-28 м/с екпінде жел болжанады.

Өзгелердің жаңалығы