Ауа райына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылды 

5 Қаңтар 2020, 22:10
4066
Бөлісу:
Ауа райына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар жол жабылды, деп хабарлады Елорда Инфо.  

Шығыс Қазақстан облысындағы "Үшарал-Достық" жолының 83-184 шақырымында, Көктума-Достық ауылдарының арасында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының "Тимирязево-Қостанай облысының шекарасы" жолының 0-32 шақырымы Тимирязево ауылы мен Қостанай облысының шекарасы аралығы барлық көлік түрлері үшін жабық.

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, қазіргі таңда республикалық маңызы бар автожолдарда 599 арнайы техника жұмыс істеуде. Жолшылар жүргізушілерге жол ережесін сақтауды, рұқсат етілген жылдамдықты асырмауды, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттілігін ескертеді.


Өзгелердің жаңалығы