Ауа райына байланысты екі облыста жолдар жабылды

23 Ақпан 2024, 21:40
424
Бөлісу:
Ауа райына байланысты екі облыста жолдар жабылды
Фото: BAQ.KZ архив

23 ақпан сағат 21:00-дегі ахуал бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар екі автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында – жалпы ұзындығы 30 шақырымды құрайтын 1 автожол (өздігінен қар көшкінінің түсуі ықтималдылығына байланысты)

  • «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын- Қатонқарағай-Рахман қайнары» - Берел а.-Рахманов қайнары шипажайы (көліктің барлық түрлері үшін)

Жетісу облысында – жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын 1 автожол (екпінді жел, шектеулі көрініс)

  •  «Үшарал-Достық» - Көктұма ст.-Достық ст. (барлық көлік түрлері үшін)

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 280 бірлік техника және 375 жолшы жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы