Ауа райына байланысты 5 өңірдің жолдары жабылды

1 Ақпан 2024, 18:27
515
Бөлісу:
Ауа райына байланысты 5 өңірдің жолдары жабылды
Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі

1 ақпан сағат 18.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысында – 1 учаске 

1. «Алматы-Ташкент-Термез» 534-593 км, Айша Бибі а. 

– Түркістан обл. шек.– 59 км. (бұрқасын, шектеулі көрініс). 

Жетісу облысында – 1 учаске 

1. «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст.- 100 км (бұрқасын, шектеулі көрініс). 

Қостанай облысында – 1 учаске 

1. «Жезқазған-Петропавл» 252-335 км, Ұлытау обл. шек.-Арқалық қ. – 83 км. (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты) 

Түркістан облысында – 1 учаске 

1. «Алматы-Ташкент-Термез» 593-652 км, Түркістан обл. шек.- Машат к.– 59 км. (Жамбыл облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

Ұлытау облысында – 1 учаске 

1.«Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау к.-Қостанай обл. шек.– 115 км. (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс) 

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 773 бірлік техника және 1522 жолшы жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы