Ауа-райына байланысты 5 өңірде жол жабылды

8 Наурыз 2023, 16:44
1307
Бөлісу:
Ауа-райына байланысты 5 өңірде жол жабылды
Фото: BAQ.KZ pixabay.com

Еліміздің 5 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар трассалардың 32 учаскесі жабық, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

QazAvtoJol-дың хабарлауынша, республикалық маңызы бар автожолдарда қар тазалау және көктайғаққа қарсы инертті материалдарды себу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жол қозғалысы Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында шектелді.

Өзгелердің жаңалығы