Ауа райына байланысты 13 облыста жол жабылды

7 Ақпан 2024, 21:45
516
Бөлісу:
Ауа райына байланысты 13 облыста жол жабылды

7 ақпан сағат 21.00-дегі ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 13 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 59 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

Шектеу республикалық маңызы бар күре жолдың 5973 шақырымын құрайды. Аталған учаскелерде жолда 4 182 бірлік көлік (3598 жүк көлігі, 584 жеңіл көлік, 3 қоғамдық көлік) жиналып тұр.

«ҚазАвтоЖол» жолшылары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізуге 785 арнайы техника мен 1420 жолшы жұмылдырылды. Барлық шұғыл ақпарат Sapar мобильді қосымшасында жүктелген және компанияның ресми сайтында https://kz.qaj.kz/s/ қолжетімді, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ тәулік бойына 1403 колл-орталығы жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы