Ауа райы: Найзағай, екпінді жел, бұршақ күтіледі

23 Сәуір 2020, 08:13
2039
Бөлісу:
Ауа райы: Найзағай, екпінді жел, бұршақ күтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп болжайды. 

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Жекелеген аумақтарда тұман күтіледі.

Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, күндіз Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады.

Қызылорда облысында шаңды дауыл болжанады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 артады, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Сондай-ақ дауыл тұруы мүмкін.

Ақмола облысында бұршақ болжанады. Күндіз Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.


Өзгелердің жаңалығы