Ауа райы. ТЖМ ескертеді

19 Желтоқсан 2020, 19:19
2079
Бөлісу:
Ауа райы. ТЖМ ескертеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің алты өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

20 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында қар жауады, бұрқасын болады, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында қар жауады, кей жерде бұрқасын болады, тұман, солтүстік, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Дауылдың болу ықтималдығы 85-90%. 20 желтоқсанға қараған түні Түркістан облысы мен Шымкент қаласының кей жерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерде тұман, көктайғақ болады, батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

20 желтоқсанда Маңғыстау облысының кей жерінде көктайғақ, тұман күтіледі.

Азаматтарды ауа райының өзгерістерін бақылауға шақырамыз. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.

Қыс маусымында көлікпен алыс жолдарға шықпас бұрын, ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеген жөн.

Егер қатты боран, бұрқасын болса, жол кептелісінде ұзақ тұрып қалуыңыз мүмкін. Тіпті жол-көлік оқиғасына да тап болуыңыз ықтимал.

Егер қандай да бір елді мекенге шұғыл баруыңыз керек болса, діттеген жеріңізге кедергісіз жету үшін теміржол көлігін пайдалануға кеңес береміз.

Төменде келтірілген қарапайым ұсынымдарды орындасаңыз, боран болған кезде және бораннан кейін аман қалуға көп септігін тигізеді.

Қыста жолға шығар алдында:

1. Мұқият ауа райы болжамын зерделеңіз;

2. Қозғалыс үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін анықтаңыз.

Ақпаратты «Қазавтожол» ҰК сайтында толығымен жабық учаскелердің картасын көруге болады. Не болмаса бірыңғай телефон нөмірі - 1403 немесе құтқару қызметінің «112» телефон нөмірі, сондай-ақ «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы нақтылауға болады. 

«112» қызметінен ресми дауылды ескерту алған жағдайда елді мекендерден және жолға шығудан бас тарта тұру қажет.

Шұғыл қызметтер автомобильдерді лектік ілесіп жүруге шешім қабылдаған жағдайда:

- жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз;

- ілесіп жүретін шұғыл қызмет белгілеген жылдамдық режимін сақтаңыз;

- өткізу пунктінен шыққан автомобильдің артынан ілесіңіз және оны басып озбаңыз;

- алдында келе жатқан автомобильдің арасындағы қашықтықты сақтаңыз;

- алдында кетіп бара жатқан автомобильдерді басып озуға болмайды;

- айналаңдағы қозғалысқа үлкен мән беріңіз.

Өзгелердің жаңалығы