Ауа райы: Синоптиктер күн жылынатынын болжайды

19 Желтоқсан 2023, 06:25
26630
Бөлісу:
Ауа райы: Синоптиктер күн жылынатынын болжайды
Фото: архив

19-21 желтоқсанда елдегі қатты аяздың беті қайтады. Қазақстанға солтүстік атлантикалық жылы ауа массасы жылжып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгиромет» РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қыстың нағыз қақаған аязды кезеңі аяқталады. Қазақстан аумағына Атлантикалық мұхиттың солтүстік бөлігіндегі жылы ауа массасы жылжып келеді. Нәтижесінде еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі деп күтіледі. Кезекті солтүстік атлантикалық циклонның салдарынан метеожағдайлар нашарлап, боран соғып, қар жауады, ал қардың арты жаңбырға ұласады. Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде 21 желтоқсанда кешке, сондай-ақ еліміздің солтүстігінде және орталығында көктайғақ болады деп болжанады, - деп жазды «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ синоптиктер сынап бағаны күндіз -3°C...-8°C аяздан, біртіндеп -2°C, одан кейін +3°C дейін көтерілетінін болжайды.

Өзгелердің жаңалығы