Ауа райы. Еліміздің 8 өңірінде ескерту жарияланды

21 Желтоқсан 2021, 17:20
1256
Бөлісу:
Ауа райы. Еліміздің 8 өңірінде ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 22 желтоқсан күнгі ауа райы болжамына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с. Жел түнде басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі.

Петропавл қ: жаяу бұрқасын,көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады күші 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында, тау, тау бөктерлі аудандарында екпіні 23-28, таулы асуларда 30 м/с және одан аса.

Шымкент қ: қатты жаңбыр жауады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с.

Түркістан қ: оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 

Қараганды қ.: түнде және тәңертен тұман, күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жезқазған қ.: тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с сақталады.

Қызылорда қ.: жел оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының батысында, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Көкшетау қ: көктайғақ күтіледі

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

Орал қ.: түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күннің екінші жартысында екпіні 18 м/с.

Ақтөбе облысының түнде басым бөлігінде, күндіз оңтүстік-шығысында, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе қ.: түнде тұман күтіледі.

Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын, орталықта  және облыстың солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.  Орталық және облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с.  

Қостанай қ.: қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы