Ауа райы: Бүгін Қызылорда облысында үсік жүреді

25 Қыркүйек 2020, 06:38
2263
Бөлісу:
Ауа райы: Бүгін Қызылорда облысында үсік жүреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК қыркүйектің 25-і күнгі ауа райы болжамын жариялады. Болжам бойынша, бүгін республиканың солтүстігі мен шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Республика бойынша кей жерде жауын жауып, тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Қызылорда облысында жел күшейіп, түнде кей жерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен, күндіз басым бөлігінде 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

Республиканың кей жерінде шаңды дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-25 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Түнде және таңертең кей жерге тұман түседі.

Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жеріне де тұман түседі. Ақмола облысының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Атырау, Түркістан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Түркістан облысында шаңды дауыл тұрады.

Қызылорда облысының кей жерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы