Ауа райы: бүгін ел аумағында найзағай ойнап, жел күшейеді

14 Сәуір 2024, 06:48
340
Бөлісу:
Ауа райы: бүгін ел аумағында найзағай ойнап, жел күшейеді
Фото: архив

"Қазгидромет" 14 сәуірге Қазақстан аумағындағы ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Болжам бойынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, кей өңірлерде найзағай ойнап, тұман түсіп, екпінді жел соғады.

Қазақстан Республикасының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелерде жаңбырлы және желді ауа райы сақталады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады, түнде республиканың солтүстігінде жауын-шашын (негізінен жаңбыр) күтіледі. Тек республиканың шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз "Қазақстан Республикасында найзағай, тұман, жел күшейеді, республиканың оңтүстігінде бұрқасын күтіледі, - деп жазылған"Қазгидромет" хабарламасында.

Бұған дейін синоптиктер Алматыда алдағы жеті күнге арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Қазгидрометтің болжауынша, Алматыда бұршақ жауып, қатты жел соғады.

Өзгелердің жаңалығы