Ауа райы: Бүгін 6 облыста 1-3 градус үсік жүреді

28 Қыркүйек 2020, 08:15
2299
Бөлісу:
Ауа райы: Бүгін 6 облыста 1-3 градус үсік жүреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 қыркүйек, дүйсенбі күні ауа райы қандай болатыны белгілі болды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігіне жауын жаумайды, күн ашық болады. Тек шығыс және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерге тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Түркістан, Қызылорда, Манғыстау облыстарының кей жерінде жел екпіні – 15-25 м/с, шаңды дауыл соғады.

Жамбыл облысында кей жерге тұман түседі, жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жеріне тұман түседі.

Қызылорда,Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде 1-3 градус үсік жүреді.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы