Республиканың барлық аумағында жауын-шашынды болады

11 Қараша 2020, 11:08
1296
Бөлісу:
Республиканың барлық аумағында жауын-шашынды болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, яғни 12-14 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Бүкіл кезеңде Қазақстанның басым бөлігі Солтүстік циклонның ықпалында болады. Оның бұлтты алқаптары қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын әкеледі. 

Кей жерде тұман, көктайғақ, солтүстік өңірде бұрқасын және екпінді жел болады.
Өзгелердің жаңалығы