Атыс қаруын өткізу акциясы жалғасып жатыр

24 Сәуір 2023, 11:37
986
Бөлісу:
Атыс қаруын өткізу акциясы жалғасып жатыр
Фото: gov.kz

Екі апта ішінде ішкі істер органдарына атыс қаруын 488 азамат өткізген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Айтуынша, ІІМ-нің жыл сайын өткізетін заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды халықтан сатып алу акциясы жалғасып жатыр.

Екі апта ішінде ішкі істер органдарына 488 азамат жүгінді, олар 600-ден астам атыс қаруын, 2,5 мыңнан астам патронды мылтық қаруына өз еркімен тапсырды, - дейді Шұғыла Тұрлыбек.

Айта кетейік, қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырған азаматтар үшін республикалық бюджеттен қарудың техникалық жағдайына байланысты 34 мыңнан 345 мың теңгеге дейінгі сомада төлем төленеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бір апта ішінде елімізде 3 мыңға жуық қылмыс жасалғаны анықталды.

Өзгелердің жаңалығы