Нұр-Сұлтан қаласында атыс болып, бір адам қаза тапты

27 Тамыз 2019, 10:29
1840
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан қаласында атыс болып, бір адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада ер адам атыс шығарып, төрт адамды жаралады, олардың біреуі ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 25 тамызда Маман көшесінде болған. Оқиға қатысушылары өзара қарым-қатынасын реттеп жатқанда олардың біреуі қарудан оқ ата бастағаны анықталды. 

"Атыс нәтижесінде қақтығысқа қатысқан төрт адам жараланып, біреуі ауруханаға келген соң көз жұмды. Күдіктілер оқиға болған жерден ізін суытты. Елордалық полиция қызметкерлерінің жедел қабылдаған шаралары нәтижесінде аталған дерек бойынша екі күдікті бір тәулік ішінде ұсталды", - деп хабарлады департамент өкілдері.  

Қазіргі уақытта олар Нұр-Сұлтан қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл оқиғаға қатысты барлық адам анықталды.  

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қару-жарақ тәркіленді. Тиісті сараптама жұмыстары тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы